Skip to content

Х облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2018 жылдың 19 сәуір күні Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі іске асыру жолдары » тақырыбында Х облыстық колледжаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты- студенттердің кәсіби деңгейін, азаматтық белсенділігін жоғарылату ,қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу. Конференцияда 19 оқу орнынан барлығы- 78 адам қатысты. Конференция экономикалық, құқық , қоғамдық-әлеуметтік, гуманитарлық-педагогикалық, жаратылыстану-математикалық секция бойынша өткізілді.