Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 3 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 2 жыл 10 ай
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс
Біліктілік: мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі
Тәрбиешінің кәсіби қызметінің объектілері: меншік формасына қарамастан мектепке дейінгі ұжымдардың барлық түрлеріндегі оқу-тәрбие үдерісі.
Тәрбиешінің кәсіби қызмет түрлері: мемлекеттік стандарттарына сәйкес мектепке дейінгі ұжымдарда мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады.
Түсу емтихандары:тест түрінде қабылданады
9 сынып негізінде: қазақ тілі(орыс мектебінен келгендер үшін орыс тілі), әдебиет(орыс мектебінен келгендер үшін әдебиеті).
11 сынып негізінде: қазақ тілі(орыс мектебінен келгендер үшін орыс тілі),қазақстан тарихы, биология.