Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1 жыл 10 ай
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс
Біліктілік: заңгер-кеңесші
Заңгер-кеңесшінің кәсіби қызметінің объектілері: жергілікті атқарушы: өкімдік орган, мемлекеттік басқарудың басқа органдары, сол сияқты кәсіпорын, мекеме, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер болып табылады.
Заңгер-кеңесшінің кәсіби қызмет түрлері: консультациялар беру;құқықтық құжаттарды рәсімдеуге құқықтық көмек беру;құқықтық басқару мәселелері бойынша кеңес береді.
Түсу емтихандары: тест түрінде қабылданады
9 сынып негізінде: қазақ тілі(орыс мектебінен келгендер үшін орыс тілі), құқық негіздері.
11 сынып негізінде: қазақ тілі(орыс мектебінен келгендер үшін орыс тілі), қазақстан тарихы, дүниежүзілік тарих