09.11.2020 жылы «Заң пәндері» апталығы аясында ZOOM бағдарламасы арқылы қашықтықтан оқыту режимінде заң пәндерінің оқытушысы Ж.К. Карибаева студенттердің жұмыс берушімен кездесуін ұйымдастырды, оған Павлодар қаласы полиция басқармасының кадр саясаты бойынша Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айбат Исламбекұлы Ибраев шақырылды. Бұл кездесу П-22,З-21, З-31, Ф-31 тобының студенттерімен өткізілді.
Аталған іс-шарада «Құқық қорғау органдарына жұмысқа орналастыру» тақырыбы талқыланды.
Қонақ студенттерге құқық қорғау органдарына түсу ережелері, құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері, құқық қорғау органдарындағы жұмыс тәртібі, оларға берілетін жеңілдіктер туралы айтып, атақтар беру және лауазымын жоғарылату тәртібін түсіндірді.
Студенттер құқық қорғау қызметі қызметкерлерінің жұмысына шынайы қызығушылық танытты, полиция қызметкерінің ұйымдастырылған кездесуі үшін де оларды қызықтырған сұрақтарды белсенді түрде қойды және маңызды әңгіме үшін үлкен алғыстарын білдірді.
