Skip to content

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер !

2019 жылдың 25  сәуірінде  Павлодар инновациялық көп профильді колледжінде «Жастар-өңірдің инновациялық дамуының тірегі» атты 11-ші облыстық ғылыми-тәжірибиелік конференцияға қатысуына студенттерді шақырамыз.

                        Келесі бағыттар бойынша секция жұмыстары ұсынылады:

-құқықтық секция;

-қоғамдық-әлеуметтік секция;

-экономикалық секция;

– гуманитарлық-педагогикалық секция;

– жаратылыстану –математикалық секция.

Конференцияға материалдарды мемлекеттік және орыс тілінде ұсынуға болады. Қатысу үшін материалдарды 15.04.2019 жылға дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 140000, Павлодар қаласы, Камзина көш.,37/1 Павлодар инновациялық көп профильді колледжі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қамтамасыз ету тобы, тел.факс (8-7182) 61-76-83, E-mail:  metodistpimk@mail.ru ұсынылған үлгі бойынша өтініш пен мақаланының  көлемі 4 беттен, әр колледжден ұсынылатын мақала саны 5 мақаладан  аспауы тиіс.

Жауапты: Аманова Сауле Кайпуллаевна. Сот. 8705-708-99-66, 65-14-54

Материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Мәтін ғылыми, стильдік және техникалық жағынан тексерілген болуы тиіс. Мақаланың соңында екі тілде (қазақша, орысша) түйіндемесі болуы керек.  Мақала мәтіні Windows XP, Microsoft Word бағдарламалары,  Times New Roman, KZ  Times New Roman гарнитурасы, 14-кегль, интервалы – 1,5, абзацтық интервалы – 1,25, Жиектері: жоғарғы –  2 см, төменгі – 2 см, сол жақ – 3 см, оң жақ – 2 см бойынша терілуі керек.

Жоғарғы беттің тең ортасына мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН  (CAPS LOCK), 2 интервалдан кейін автордың ТАӘ (ғылыми жетекшісі), ғылыми деңгейі, атағы, қызметі, жұмыс орны көрсетіліп,бір аралықтан кейін негізгі мәтін беріледі және секция көрсетіледі. Диаграмма, кестелер жеке бетте орналасады.

Қолданылған әдебиеттер тізіміне сәйкес ғылыми әдебиеттер жақшаға алынып, сілтеме көрсетілуі тиіс. Әдебиеттері негізгі мәтіннің соңында көрсетіледі.

Ұйымдастыру комитеті белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімделмеген, конференцияның ғылыми деңгейінің тақырыптарына сәйкес келмеген және белгіленген мерзімнен кеш алынған өтініштер мен баяндамалардан бас тартуға құқылы.