Оқыту мерзімі: негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай, жалпы орта білім базасында 1жыл 10 ай
Оқу нысаны: күндізгі, сырттай
Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс
Біліктілік: іс қағаздарын жүргізуші
Іс қағаздарын жүргізуші маманның кәсіби қызметінің объектілері: меншік формасына қарамастан кәсіпорындар мен мекемелердің,түрлі саладағы фирмалардың құжаттарын рәсімдеу мен ұйымдастыру.
Іс қағаздарын жүргізуші маманның кәсіби қызмет түрлері: іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-әдістемелік материалдармен жұмыс жүргізу,кадр құжаттарын жүргізу және рәсімдеу; басшының тапсырмасының орындалуын бақылау жасау,есептер дайындау.
Түсу емтихандары:тест түрінде қабылданады
9 сынып негізінде: қазақ тілі(орыс мектебінен келгендер үшін орыс тілі), әдебиет(орыс мектебінен келгендер үшін әдебиеті).
11 сынып негізінде: қазақ тілі(орыс мектебінен келгендер үшін орыс тілі),қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.