04.11.20 күні Павлодар инновациялық көп профильді колледжінің жоғары санатты арнайы пәндер оқытушысы Рахимжанова Гүлзия Набижанқызы «Жаңаша білім беру – заман талабы» тақырыбында ZOOM форматында қалалық семинар өткізді. Семинарға колледжінің мектепке дейінгі бөлімнің МД-21, МД-31; МД-41 тобының студенттері мен қаланың №37, №44, №10 сәбилер бақшасының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семинар мазмұнының теориялық бөлімінде студенттерге биылғы мектепке дейінгі білім беруде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен бекітілеген Үлгілік бағдарламаның өзгертілу мен толықтырулары жөнінде мәлімет берілсе, тәжірибелік кезеңде балабақша тәрбиешілері студенттерге жаңашыл технология іс –тәжірибеде» айдары негізінде өздерінің тәжірибеде қолданып жүрген жаңа инновациялық технологияларды пайдаланудың әдіс –тәсілдерінен тәжірибе бөлісті.
